jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді

    Полицей
    Полицей. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы ресми Telegram арнасында хабарлағандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды", - делінген Смадияровтың жазбасында.

    Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.

    Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.

    Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.

    Көп ұзамай Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады.

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді. Қолда бар деректерге сәйкес, Иранда Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар.

    Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.