Тоқаев әуежайда Тәжікстан президентімен жылы қоштасты (фото, видео)
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арансы.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, кеше, 3 мамыр күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан басшысын елорда әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған болатын.
Одан кейін Тәжікстан басшысын Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Кейін ел басшысы шағын құрамда, содан соң кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер жүргізді.
Екі ел басшысы маңызды құжаттарға қол қойып, бірлескен мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2019443-toqaev-auezaida-tazikstan-prezidentimen-zyly-qostasty-foto-video/