jitsu gif
Саясат

    Тоқаевты "Ынтымақ Ордо" ғимаратында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт "Ынтымақ Ордо" ғимаратына келді.Оны Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара "Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік" тақырыбында өтеді", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    Еске салсақ, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді.

    Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

    Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен еді.

    Саммитке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

    Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

    Саммит аясында "Астана Актісіне", "Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясна" және т.б. маңызды құжаттарға қол қойылды.

    Тоқаевты "Ынтымақ Ордо" ғимаратында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.