Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 жастағы Әйгерім Ауталипова "Көкшетау аруы" атанды

Опубликовано:

Әйгерім Ауталипова
Фото: Instagram/misskazakhstan_official

26 жастағы Әйгерім Ауталипова Көкшетаудың ең сұлу қызы болып танылды. Бойжеткен енді "Қазақстан аруы" тәжі үшін сайысқа түспек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"26 жастағы Әйгерім Ауталипова "Көкшетау аруы-2021" болды. Құттықтаймыз", - деп хабарланды "Қазақстан аруы" байқауының ресми парақшасында.

Белгілі болғандай, Әйгерім Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін тәмамдаған. Ол "Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану" мамандығы бойынша білім алған.

Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.

Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, қазылар алқасы "Атырау аруын" да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен.

Ал "Қостанай аруы" болып 21 жастағы Малика Каримова танылса, Азиза Тоқашова "Алматы аруы" атанды.

Шымкенттің ең сұлу аруы 17 жастағы Шұғыла Жақсыбекова болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939633-26-zastagy-aigerim-autalipova-koksetau-aruy-atandy/

pixel