Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы Рауаш Рүстемқызы "Талдықорған аруы" атанды

Жарияланған күні:

Рауаш Рүстемқызы
Фото: Instagram/misskazakhstan_official

"Талдықорған аруы-2021" байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы "Қазақстан аруы" сұлулық байқауының ресми Instagram парақшасында хабарланды.

20 жастағы Рауаш Рустемқызы Талдықорғанның ең сұлу аруы атанды. Байқау ұйымдастырушылары мен желі қолданушылары бойжеткенді жеңісімен құттықтады.

Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.

Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, қазылар алқасы "Атырау аруын" да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен.

Ал "Қостанай аруы" болып 21 жастағы Малика Каримова танылса, Азиза Тоқашова "Алматы аруы" атанды.

Шымкенттің ең сұлу аруы 17 жастағы Шұғыла Жақсыбекова болды.

26 жастағы Әйгерім Ауталипова "Көкшетау аруы" атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940470-20-zastagy-rauas-rustemqyzy-taldyqorgan-aruy-atandy/