Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ваза сынып, қабырғада жарық пайда болды": қазақстандық жұлдыздар жер сілкінісі жайлы айтты (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/raimkzt

Бүгін Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Отандық жұлдыздар табиғаттың тосын апаты кезінде үйінің қабырғасында жарық пайда болып, ваза сынғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сағатова

Актриса жер сілкінісі кезінде түсірілім алаңында болған. Сағатованың жер сілкінген сәттегі реакциясы камераға түсіп қалған.

Видеодан Әсел Сағатованың мәтінді қайталап тұрғанын байқауға болады.

"Әлі дір-дір етіп отырмын", - деп жазды актриса Instagram желісінде.

Ерке Есмахан

Жер сілкінісі уақытында өз пәтерінде, ас ішіп отырған.

"Алла сақтасын! Тоғызыншы қабатта тұрамыз, қатты сезілді. Ас ішіп отыр едік, столымыз шайқалды. Алла жар болсын", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Айсәуле Бақытбек

Блогер Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында бөлменің бір қабырғасында жарық пайда болғанын көрсетті.

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Скриншот: instagram.com/aissaulebakytbek

Дина Тасболатова

"Алтын Орда" телехикаясының жұлдызы да жер сілкінісінен кейін сынған картина мен гүл вазасын көрсетті.

"Дубль 2. Дәл сол картина мен гүл тұрған ваза құлады", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Дина Тасболатова
Дина Тасболатова. Скриншот: instagram.com/dina_tasbulatova

Әсел Асқар

"Үйде өз тірлігіммен айналысып жүргенмін. Қорқып кеттім. Меніңше, 5,4 балл емес. Өйткені, бұл жолы қаттырақ сезілді", - деді Әсел Асқар Instagram-дағы парақшасында.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064382-vaza-synyp-qabyrgada-zaryq-paida-boldy-qazaqstandyq-zuldyzdar-zer-silkinisi-zaily-aitty-foto-video/

pixel