Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қайрат Нұртас қатысуы керек болған концерт кейінге қалды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/ kair_n

Астанада Қайрат Нұртас пен Мирас Жүгінісовтің және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт кейінге шегерілді. Ұйымдастырушы тарап сатып алынған билеттерді өткізуге болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кештің кейінге шегерілгені туралы ақпарат ұйымдастырушылардың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары! 7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уақытша ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Сатып алынған билеттерді ticketon.kz сайты арқылы өткізуге болады. Сұрақтар бойынша ұйымдастырушыларға 8 701 740 06 08 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталған. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Көп ұзамай Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот шешімін шығарды. Өнер иесіне 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129814-astanada-qairat-nurtastyng-qatysuymen-otetin-kontsert-keiinge-shegerildi/