Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Досы бір сәтте жауына айналды": Гүлзира Айдарбекова қамауға алынған ұлы туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақта жанжал шығарып, 15 тәулікке қамауға алынған ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді. Әншінің анасы желіде жан сырын ақтарып, мән-жайды айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова басы дауға қалған ұлы жайлы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Продюсер бұл жағдай өзі үшін ауыр сынақ болғанын айтып, ұлы үшін қатты уайымдағанын жасырмады.

"Түске дейін, анасы қандай күйде деп мазалауға ыңғайсыздық танытып, сіздердің де жүректеріңіз тыным бермей, түс ауа қоңыраулар мен хаьарламалар еш тоқтаған жоқ. Иә, бәріне хайп табылып, бірі "сауап болды" деп күлкіге қарық болып, жандары рахаттанып ойларына келгенін жазса, 90 пайыз халық жанашырлықпен жүректері жылап жатты. Алғашында "түннен аман шығамын ба? Жоқ па" дедім рас. Құр сүлдем қалғандай, жанарым бір нүктеге қадалып, ұзақ отырды. Ішім өртенді, күйдім-жандым рас.

Жолдасымның, бала-шаға, ағайын, достарымның уайымы ұлымнан бұрын мен болғанымды да сезіндім. Болмаған соң Нүрекең телефон соғып, ұрыса бастады."Елдің балаларында оданда ауыр сынақ болып жатқандары бар, ер азамат болған соң басынан бәрі өтеді, еңсеңді көтер, сен мықты болуың керек" деді. Қазір бәрін ойлап, ойым жан-жаққа шашыраңқы болып тұрғаны рас. Сонда да болса, ұлымның сот процесі басталысымен көмекшісіне қарап, мамам жыламасыншы деп ымдап түсіндіріп жатқанын көріп, көзімнің жасына ерік бердім, бірақ ұлыма көрсетпедім", - деп ағынан жарылды Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы ұлының бауырым деп жақын тартып жүрген досы бір сәтте жауына айналғанын айтты.

"Жанына жақын ұстап, үстіндегі киімдеріне дейін шешіп беріп, қимас дүниесі мен ақшасына дейін бөлісіп, бауырым деп жақын тұтып жүрген досы, бір сәтте жауына айналады деп кім ойлаған?! "Менің де көргенім көп балам, бәріне ақ жүрегіңмен сенім артып, жаныңа жинап, үйге алып келе бермеші" деп айтқан кездерім де жоқ емес. Оның үстіне көп нәрсенің құрбаны болуға ел алдында жүргенінің де әсері тиерін ана жүрегім сезбейді емес. Ұлыма бар тілерім "Сағы сынбай, жүзінде мұң болмай, Алла амандық пен сабыр берсін!" Ал сіздерге ешбір ананы құдай баласымен сынамасын деп тілеймін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталған. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Көп ұзамай Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот шешімін шығарды. Өнер иесіне 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129937-dosy-bir-satte-zhauyna-ainaldy-gulzira-aidarbekova-qamauga-alyngan-uly-turaly-pikir-bildirdi/