Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Опубликовано:
Алматы-Өскемен тасжолында екі автокөлік соқтығысты. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай бүгін, 20 шілдеде болған. Жол-көлік апатына Volkswagen Transporter және Volkswagen Polo маркалы автокөліктер түсті.
Видеоны түсірген куәгердің пікірінше, соққыдан бір автокөліктің қозғалтқышы ұшып кетіпті.
Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған Zakon.kz ЖКО-да бір адам қаза тапқанын хабарлады. Тағы екеуі түрлі жарақат алды.
Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806215-almaty-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/