Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мешіттегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы "Нұртай" мешітіндегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: taldyk.info
Көрнекі фото: taldyk.info: Facebook
"Мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды. Күдікті деструктивті діни ағымда жүрген қала тұрғыны болып шықты. Ал жиналған ақша мұқтаж отбасылар мен балаларға арналған болатын. Жәшікте 200 мың теңге болған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826186-aktbe-oblysynda-mesittegi-sadaka-zsigin-rlagan-kdikti-staldy/

pixel