Жамбыл облысының неше ауданында коронавирус індеті тіркелген
Опубликовано:
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда соңғы тәулікте аймақтағы коронавирустық инфекцияның таралу жағдайының күрделене түскендігі атап өтілді. Сондай-ақ өңірдің қандай аудандарында індеттің белігері анықталғаны айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өңірде ресми түрде 45 науқас тіркелген, олардың дені Жамбыл облысына еліміздің басқа аймақтарынан, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген.
Науқастармен байланыста болған барлық тұлғалар карантинге алынған.
Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің айтуынша, 7 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 45 жағдайы тіркелген.
Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында – бір-біреуден тіркелген.
Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849577-zambyl-oblysyny-nese-audanynda-koronavirus-indeti-tirkelgen/