Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус індеті: Колледж және ЖОО студенттері де қашықтан білім алады

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында мектеп оқушылары сияқты, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері де қашықтан білім алатынын мәлім етті. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оның сөзінше, өндірістік практикада дәстүрлі оқыту форматы қолданылуы мүмкін.

"Колледждер жаңа оқу жылын қашықтан оқыту режимінде бастайды. Дәстүрлі форматты жеке кесте бойынша өндірістік оқытуды және кәсіби практиканы ұйымдастыру кезеңінде, көбінесе, бірінші және бітіруші топтардың студенттері үшін, сондай-ақ, шалғайда орналасқан колледжерде санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізуге мүмкіндік бар", - деді білім және ғылым министрі.

Аймағамбетов жоғары білім беру процесі де кейбір мамандықтарды есепке алмағанда, негізінен қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылатынын жеткізді.

"Университеттерде дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады. Сонымен қатар кейбір мамандықтарға дәстүрлі оқыту мүмкіндігі беріледі», - деп хабарлады Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бүгін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында орта мектеп үшін бірінші тоқсанды толықтай қашықтан оқуға ауыстыруды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864803-koronavirus-indeti-kolledz-zne-zoo-studentteri-de-kasyktan-bilim-alady/

pixel