Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз туған әкесінен балалы болды
Опубликовано:

Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз өз әкесіннен көтерген нәрестені дүниеге әкелді. Босанған 15 жастағы жасөспірімнің нәрестесін қыздың анасы өз қамқорлығына алған.
Бұл жайт туралы ақпарат тұрғындар арасында таралып кеткеннен кейін, ер адам өзіне қол жұмсаған. Іс сотқа дейін жетіп үлгермеген деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, нәрестені жасөспірімнің анасы өз қамқорлығына алған.
"9-сынып оқушысы биыл мамыр айында баланы дүниеге әкелді. Зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, айта алмаймыз. Полиция анықтап жатыр. Нәрестені қазір мектеп оқушысының анасы тәрбиелеп отыр", - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы Ұлжалғас Сәуірбаева.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында өгей қызын зорлаған 41 жастағы азамат ұсталғаны белгілі болған еді.
Одан бөлек, 11 жастағы қыз баланы өгей әкесі мен туыс ағасы жарты жылдан астам уақыт зорлап келгені анықталған.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында екі кішкентай баланы зорлады деп айыпталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққан.
"Не молчи" қорының өкілдерінің айтуынша, бұл алқабилер сотының педофилияға күдікті азаматтарды ақтап шығарған бірінші жағдайы емес. Қоғам белсенділерінің мәліметінше, Қазақстанда айыптау үкіміне дейін мұндай істердің тек 3 пайызы ғана жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884471-symkentte-15-zastagy-okusy-kyz-tugan-kesinen-balaly-boldy/