RU

Таразда кафе алдында тұрғынды пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Тараз тұрғыны кафе алдында адамды пышақтап кетті. Оқиғаға қатысы бар азамат ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, оқиға 15 тамыз күні сағат 21:30 минут шамасында орын алған. 23 жастағы ер адам қаладағы кафелердің бірінің жанында өзге ер азаматқа бұзақылық ниетпен тиісіп, жанжал шығарған. Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің жүрегіне пышақпен шаншып кесілген дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.  

Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Тараз қаласының ауруханасының жан-сақтау бөліміне түскен. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті “ізін суытпай” ұсталды. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабымен, яғни адам өлтіруге оқталумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде “күзетпен ұстау” қолданылып, тергеу судьясымен санкцияланды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928042-tarazda-kafe-aldynda-turgyndy-pysaqtap-ketken-er-adam-ustaldy/