Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған күдікті сотта жауап берді

Опубликовано:

Аяулым Еділова
Аяулым Еділова. Фото: Аяулым Еділованың әлеуметтік желідегі парақшасы

Аяжан Еділованы Алматы қаласында айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптармен ішінара келіспей отыр. Сот отырысында ол өрімдей қызды өлтіргенін мойындаған. Алайда зорлық көрсеткенін теріске шығарып әлек, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Жантүршігерлік қылмысқа қатысты екінші сот отырысы өтті. Зорлау дерегі болғандықтан процесс жабық режимде, онлайн форматта болды.

Отырыста бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары. Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған.  

"Сотталушы адам өлтіргенін мойындап, зорлағанын жоққа шығарып отыр. Енді қыздың зорланғанын дәлелдеу үшін жұмыс істейміз", - дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.

Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйекті ұсынамыз дейді.

Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарауда.

Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Автор: Ә. Лесбек

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек, қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Қазан айында марқұмның ісіне қатысты тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945267-ayazan-edilovany-oltirdi-dep-aiyptalgan-kudikti-sotta-zauap-berdi/

pixel