Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: Айыпталушыға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Аяулым Еділова
Аяулым Еділова. Фото: Аяулым Еділованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған азаматқа сот үкімі шықты. Сот отырысы Алматы қаласының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот Еділованың өлімі бойынша айыпталған азаматты кінәлі деп танып, оны 25 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың пайдасына азаматтық талап арызды ішінара қанағаттандырып, 20 000 000 теңге моральдық шығын өндірді.

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова осы жылдың 19-наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек, қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Қазан айында марқұмның ісіне қатысты тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949502-ayazan-edilovanyn-olimi-aiyptalusyga-sot-ukimi-sot-ukimi-syqty/

pixel