Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазасын алды": Тоғжанов сахнада ерсі қылық көрсеткен әншілер туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сахнада ерсі қылық көрсеткен "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Ашығын айтқанда, ұят жағдай болды. Олар жазасын алды. Әкімшілік жазаға тартылғанын бәріңіз білетін боларсыздар. Бұндай мәселеге ешқандай мемлекеттің басқаша көзқарасы болмайды. Оны әр азаматтың білгені жөн", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Осы орайда Ералы Тоғжанов тудың мәні мен мағынасын, маңызын бәрі түсінуі керегін алға тартты.

"Бабаларымыз кең байтақ жерімізге туды тігіп, оны сақтап қалған. Бұны әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Тудың қадірін кешегідей жағдай болғанда ғана емес, әрдайым біліп жүруіміз керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Алматыда өткен "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэпердің концерті қоғамда үлкен дау тудырды. Нақтырақ айтсақ, әртістердің сахнада өз-өзін ұстауы, көк туға деген құрметі халықтың ашуына тиді.

Бұл жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, бұған концертке алкоголь ішіп шығу себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Одан бөлек бұл жайтқа қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та пікір білдіріп, өзі басқаратын ведомство мән-жайдан хабардар екенін жеткізді.

Шулы оқиғадан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлайтынын мәлімдеді.

Cонымен қатар бүгін сенатор Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында мемлекеттік туды қорлағаны үшін "Ирина Кайратовна" тобын жазалауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972310-zazasyn-aldy-togzanov-saxnada-ersi-qylyq-korsetken-ansiler-turaly-pikir-bildirdi/

pixel