Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтауда бүгін, 11 қыркүйекте облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушілері мен фельдшерлері жұмысқа шықпай қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, жұмысшылар басшылықтан бірнеше мәрте жалақыны көтеруді сұраған. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Олар қазіргі таңда Ақтауда қауырт шақыртуларға қызмет көрсететін екі жедел жәрдем көлігі ғана жұмыс істейтінін атап өткен.

Басшылық мәселені ертең шешуге уәде берген. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері оларға сенбейтінін айтуда.

Бұл мәселеге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров пікір білдірген.

"Маңғыстау облыстық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы" қызметкерлері үкіметтің №1193 қаулысына сәйкес еңбекақы төлемі жүйесі бойынша алады", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство мәліметінше, наурызда бақылау кеңесінің хаттамасы негізінде медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 10-40 мың теңге үстемақы төлеу туралы қорытынды жасалған.

"Еңбек шартына сәйкес жалақы ай сайын 10-на дейін төленеді. Қыркүйек айына дейін жалақының барлық төлемдері әр айдың 5-7-сі аралығында жүргізіліп келді. Тамыз айындағы үстеме ақымен толық жалақы төлеу 12.09.22 ж. жүзеге асырылады. 08:30-да кезекшілік ауысымға шықпау Еңбек кодексінің 176 бабы негізінде заңсыз болып табылады", - дейді басқарма басшысы Аманбек Жұмыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987213-aqtauda-zedel-zardem-qyzmetkerleri-zumysqa-syqpai-qaldy/

pixel