Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин неліктен Қазақстанда байланыс нашар екенін түсіндірді

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған қыз
Телефон ұстап тұрған қыз. Көрнекі фото: Pexels.com

Үкімет кулуарында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин неліктен Қазақстанда байланыс нашар екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусин Қазақстанда абоненттер саны жылдан жылға артып келе жатқанын айтады.

"Негізінен ауылдық аймақтардан абоненттер қосылуда. Барлық абоненттік база қолданыстағы телекоммуникация желілеріне салмақ түсіреді",дейді ол.

Бұл ретте министр әрбір оператор сапаны жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Қазір телекоммуникация операторлары желілерін кеңейтіп, инфрақұрылымын жоспарлауды қолға алуда. Бұл бір күнде жасалатын шаруа емес, бірақ мен сіздерге әрбір оператор өз желісін барынша нығайтып және сапаны жақсарту үшін белгілі бір жаңғырту жұмыстарын жасап жатқанын айта аламын", – дейді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991004-bagdat-musin-nelikten-qazaqstanda-bailanys-nasar-ekenin-tusindirdi/

pixel