Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды

Жарияланған күні:

Михаил Козачков
Михаил Козачков. Фото: facebook.com/mikhail.kozachkov

Бірнеше күн бұрын Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстаған журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Алматы қаласының тергеу соты М. Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтінішін қарауды аяқтады.

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қаралып, қанағаттандырылды.

2023 жылғы 18 ақпанға дейін қамауға алуды санкциялау туралы қаулы қабылданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды, себебі бұл тергеу құпиясы", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы арыз жабық сот отырысында қаралғанын атап өтті. Өйткені журналист мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады, таратты, жария етті деген күдікке ілінген.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Михаил Козачков былтыр желтоқсан айында Алматы және Алматы облысының аумағында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған болатын.

Кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар медиа қоғамдастық өкілінен Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты үндеу түскенін хабарлады.

Бүгін журналистің ұсталуына қатысты Бас прокуратура пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002317-isti-bolgan-zurnalist-mixail-kozackov-eki-aiga-qamauga-alyndy/