jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан тағы бір Қазақстан азаматы қаза тапты

Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардың бірі
Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардың бірі. Фото: Mehmet Akif Parlak/Anadolu Agency via Getty Images

10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылған. Алматыдан келген туыстары оның Қазақстан азаматы екенін растаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ведомство қазақстандық дипломаттар марқұмның денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсеткенін атап өтті.

Бүгін, 13 ақпанда әйелдің денесі Талдықорған қаласына жеткізілген.

Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алған. Сонымен қатар Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан Қазақстан азаматын алып кетуге барған туыстарына 90 пайыздық жеңілдік жасаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ өкілі Айбек Смадияров Түркияда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқанын, ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпағанын хабарлаған еді. Отандасымыз Кахраманмараш қаласында тұрған.

Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан Қазақстанның тағы екі азаматы - Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қаза тапты.

11 ақпанда Мирболат Құрмашевты туған-туыстары, танитын, бірге оқып, қызмет еткен достары, әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан тағы бір Қазақстан азаматы қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.