Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда тонау мен алаяқтық жасады деген күдікпен жүзге жуық адам ұсталды

Опубликовано:

Түркияда зілзаладан қираған ғимараттар
Түркияда зілзаладан қираған ғимараттар. Фото: Aziz Karimov/Getty Images

Түркияның құқық қорғау өкілдері елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 98 адамды тұтқындады. Олардың көпшілігі қарашылық жасап, тонады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түрік қауіпсіздік қызметі кем дегенде 98 күдіктіні ұстағанын хабарлады.

Сонымен қатар, агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, тонау жасады деген күдікпен 40 адам қамауға алынған. Қауіпсіздік қызметі олардан 11 мың доллар, 70 мың түрік лирасы, 20 ұялы телефон, сегіз ноутбук, алты тапанша, үш мылтық, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен банк карталарын тәркілеген.

Тағы екі адам өзін гуманитарлық қызметкер ретінде көрсетті деген күдікке ілінді. Агенттіктің мәліметінше, олар Хатай провинциясында зардап шеккендерге арналған азық-түлік тиелген алты жүк көлігін ұрламақ болған.

Сондай-ақ Газиантептегі жер сілкінісі құрбанын алдамақ болды деген күдікпен алты адам ұсталды.

Жеті адамға қатысты бөлек тергеу басталды. Тергеушілердің мәліметінше, олар түнде зардап шегушілердің бірінің үйін тонап кеткен.

Малатья провинциясында тонау мен қарашылықпен айналысқан 12 күдікті анықталды.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,5 және 7,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда қаза тапқандар саны 29 605 адамға жетті. Сонымен қатар табиғи апаттан Сирияда 3574 адам қаза тапқан.

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан екі қазақстандық – Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қаза тапты. 11 ақпан күні кешке олардың денесі Алматыға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009156-turkiyada-tonau-men-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-zuzge-zuyq-adam-ustaldy/

pixel