Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп пен балабақшаларда бұқаралық іс-шара өткізу уақытша тоқтатылды

Жарияланған күні:

Оқушы қыздар
Сахналық көрініс қойған оқушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Whatsapp желісінде Алматы қаласы бойынша қызылша ауруының өршуіне байланысты 30 мамырға дейін балабақшаларда жаппай іс-шара өткізу тоқтатылатыны туралы хабарлама тарады. Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған ақпарат балабақшаға баратын балалардың ата-аналарына үндеу ретінде жазылған.

"Құрметті ата-аналар, эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне, атап айтқанда қызылша ауруының өршуіне байланысты Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес "Алматы қаласында қызылшаның таралуын болдырмауға бағытталған эпидемияға қарсы шараларды күшейту туралы" балабақшалардағы барлық бұқаралық іс-шаралар оқу жылының соңына дейін тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Санитарлық ережелерді сақтауды сұраймыз, мүмкіндігінше жаппай іс-шараларға бармауды және адам көп жиналатын орындарда болмауды сұраймыз, өйткені таралу қаупі өте жоғары. Балабақшаға барар алдында баланың терісін тексеруді, жалпы жағдайына назар аударуды ұсынамыз", - делінген аталған хабарламада.

Бұл ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.03.2023 жылғы "Алматы қаласында қызылшаның таралуына жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы шараларды күшейті туралы" № 1 қаулысына сәйкес, білім басқармасына тиісті тапсырма берілді. Онда мектептерде оқу жылы аяқталғанға дейін және 2023 жылғы 30 мамырға дейін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бір үй-жайда, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының аумағында балалар мен қызметкерлердің жиналуына жол бермеуді қамтамасыз ету туралы жазылған", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015521-almatyda-mektep-pen-balabaqsalarda-buqaralyq-is-sara-otkizu-uaqytsa-toqtatyldy/