jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Денсаулығымызды құртқымыз келмейді": Түркістан облысында тағы бір ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты

Темекі ұсынып тұрған адам
Темекі ұсынып тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында тағы бір ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты. Осылайша, өңірде темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 10-нан асты, деп хабарлайды "Хабар24".

Телеарна мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын Төлеби ауданы Қоғалы ауылында денсаулыққа зиянды өнім, мүлде сатылмайды. Бұл ауыл ақсақалдарының бастамасы екен.

Сондай-ақ соңғы уақытта ауылда қылмыс дерегі де тіркелмеген. Ажырасатын отбасы саны да аз. Сондықтан былтыр аймақтық байқауда Қоғалы ауылы "Үлгілі  елдімекен" атанған. 

Ауыл тұрғынының айтуынша, қазіргі кезде ауылдағы дүкендерде күнделікті күнкөріске қажетті нан, сусын секілді өнімдер ғана сатылады.

"Табиғат аясында тұрғаннан кейін өзіміздің денсаулығымызды құртқымыз келмейді. Үлкендердің шешімі бойынша керек заттар, азық-түліктер сатамыз. Алкогольді ішімдіктер және темекі сатпаймыз", - дейді Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны Нұртөре Нұржамал.

Телеарна дерегінше, Түркістан облысы бойынша кейінгі алты жылда темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 12-ге жеткен. Келген қонақтардың өзі, ауылдың жазылмаған заңына бағынады. Өйткені жергілікті дүкендерде, спирттік ішімдіктер мен табак өнімдеріне сұраныс жоқ.

Айта кетейік, елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдар жетерлік. Мысалы, Жамбыл облысындағы 5 бірдей ауыл ішімдіктен бас тартқан. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік және Қарағай ауылдары, Қарағанды облысындағы Тікенекті ауылы, Ұлытау облысындағы Сәкен Сейфуллин ауылы да ішімдіктен бас тартқан.

"Денсаулығымызды құртқымыз келмейді": Түркістан облысында тағы бір ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.