jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бейбіт Шүменовті босатып жіберген полиция қызметкерлері қалай жазаланды

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

Астананың сауда орталығында боксшы Бейбіт Шүменовпен болған оқиғадан кейін полицейлерге қатысты тексеру аяқталды. Олардың кейбірі қызметінен босатылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілішісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру қорытындысы бойынша Есіл аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторы қызметінен босатылды.

Кезекші бөлімшенің жедел кезекшісіне және Есіл ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторына қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту берілді.

Есіл аудандық ПБ бастығының орынбасары қызметінен босатылды, ал аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Бейбіт Шүменовтің ісі

18 маусымда Астанадағы сауда орталығында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынды.

Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана ПД Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Бейбіт Шүменовті босатып жіберген полиция қызметкерлері қалай жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.