Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақкент ықшамауданындағы өрт кезінде үш баласымен бірге анасын құтқарған Түркия азаматы марапатталды

Опубликовано:

Түркия азаматын марапаттау сәті
Ақкенттегі өртте көмектескен Түркия азаматын марапаттау сәті. Фото: facebook.com/TCAlmatiBK

Түркия елінің азаматы Шүкрү Гүнай Алматыдағы Түркияның Бас консулдығында марапатталды. Бұл туралы консулдық Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Анықталғандай Шүкрү Гүнай "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі жантүршігерлік өрт кезінде 16-қабатта қою қара түтін арасында қалып қалған әйелді үш баласымен бірге құтқарған болатын.

"Алматыдағы өрт кезінде әріптестерімен бірге отбасыларға көмектесіп, анасымен үш баласын аман алып қалған азаматымыз Шүкрү Гүнайға және басқа да азаматтарға гуманитарлық құндылықтары мен түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз", - делінген Алматыдағы Түркия бас консулдығының хабарламасында.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031355-aqkent-yqsamaudanyndagy-ort-kezinde-us-balasymen-birge-anasyn-qutqargan-turkiya-azamaty-marapattaldy/

pixel