Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақкенттегі өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды:

"Ерлігі үшін" медалімен:

  • Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
  • Гюнай Шюкрю – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
  • Исмаилов Эльдар Александрович – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
  • Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
  • Мамедов Кенан Бабаұлы – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
  • Романов Вадим Анатольевич – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Алматыдағы Ақкент ықшамауданында шыққан өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақкенттегі өрт салдарынан ауруханада көз жұмған әйелдің нақты қандай диагнодан каза тапқанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032140-toqaev-aqkenttegi-ort-kezinde-erlik-korsetken-bir-top-azamatty-marapattady/

pixel