Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Kaspi бөлімшесінде кепілге алу ісі бойынша айыпталушыға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Айыпталушы
Айыпталушы. Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Астанада Kaspi бөлімшесінде адамдарды кепілге алды деп айыпталған Әлихан Мурадовқа қатысты сот үкімі шықты. Ол аталған қылмысты жасады деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сот Мурадов Әлиханды 261-баптың 2-бөлігінің 8,9-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді", - деді судья Қарабаев.

Сондай-ақ судья сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК көлемінде мәжбүрлі төлем өндіру туралы шешім қабылдады. Сотталушы шығарылған үкімге қатысты апелляциялық инстанцияға шағымдана алады.

Сонымен қатар Қарабаев бұл бап бойынша санкцияда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтты. Судья сотталушының өкініп, кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылатынын атап өтті.

Судья сотталушының қылмыс жасау үшін пайдаланған заттарын жоюға, ұялы телефон сияқты жеке заттарын сотталушының туыстарына беруге міндеттеді.

Астанадағы Kaspi бөлімшесінде кепілге алу

Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы Kaspi филиалында қарулы ер адам адамдарды кепілге алған болатын.

Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіп, адамдарды кепілге алған ер адаммен келіссөз басталды. Сондай-ақ Kaspi ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, жоспарланған операция нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды.

Кепілге алынғандарды босату операциясын сол кездегі Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарды. Ахметжанов кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын да айтты.

Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кепілге алынған азаматтардың үшеуі қатты шок алған, бірақ ешкім ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Ал ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты "Адамды кепілге алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ прокурор Астанадағы Kaspi бөлімшесін басып алып, адамдарды кепілге алу ісі бойынша айыпталушы Әлихан Мурадовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037030-astanadagy-kaspi-boliminde-kepilge-alu-isi-boiynsa-aiyptalusyga-sot-ukimi-syqty/

pixel