jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елімізде тағы бір ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты

бөтелке
Бөтелке. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде алкоголь өнімдерінен бас тартқан ауылдардың қатарына тағы бір елдімекен қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпаратық медиа-порталдың жазуынша, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Абай ауылындағы дүкендер алкогольдік ішімдіктер сатуды тоқтатқан.

Ауылда алкогольдік ішімдіктерді сату мен тұтынудан бас тарту идеясын ақсақалдар көтеріп, оны елдімекен тұрғындары бірауыздан қолдаған. Сондай-ақ жергілікті жастар да оң көзқарас танытқан.

Басылымның жазуынша, полицейлер ауылда алкогольдік ішімдіктерді сату тоқтатылғаннан кейін ішімдік ішу салдарынан болатын құқық бұзушылықтар да тіркелмегенін байқаған.

Сарқан аудандық полиция бастығының орынбасары Әділмұрат Байзолда Абай ауылы тұрғындарының осы бастамасын басқа ауылдардың тұрғындары да қолдайды деген үмітте екенін жеткізді.

Оның айтуынша, полицейлер жүргізген талдау көрсеткендей, ауыр қылмыстардың жартысынан көбі және отбасындағы құқық бұзушылықтар көп жағдайда мас күйінде жасалады.

Айта кетейік, елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдар жетерлік. Мысалы, Жамбыл облысындағы 5 бірдей ауыл, Түркістан облысында 10-нан астам ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартқан.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік және Қарағай ауылдары, Қарағанды облысындағы Тікенекті ауылы, Ұлытау облысындағы Сәкен Сейфуллин ауылы да ішімдіктен бас тартқан.

Елімізде тағы бір ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.