Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция экс-депутат Сәния Мұратованы тауып, қамауға алды

Опубликовано:

Сәния Мұратова
Сәния Мұратова. Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізгені үшін істі болған мәслихаттың экс-депутаты Сәния Мұратова ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады.

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 26 ​​қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік қамағына алынды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілі.

Еске сала кетейік, 26 қазанда әкімшілік сот Ақтөбе мәслихатының бұрынғы депутаты Сәния Мұратованы мас күйінде Lexus көлігін тізгіндегені үшін кінәлі деп таныған болатын. Ол сотқа келген жоқ, сондықтан судья полицияға қамауға алу туралы бұйрықты орындауды тапсырды.

Айта кетсек, осыған дейін Сәния Мұратова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің "Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бабымен алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Оған дейін депутаттық мандатынан айырылды.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042769-policiya-eks-deputat-saniya-muratovany-tauyp-qamauga-aldy/

pixel