Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

кен орны
Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бүгін, 28 қазан таңертең Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты. Хабарлама компанияның ресми сайтында жарияланды.

"Бүгін таңертең Костенко шахтасында болған апат туралы хабардан кейін "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бастан кешкен мұңы мен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Бұл – әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы.  Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21-інің қаза тапқаны расталды.  Жақындарынан айырылғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз.  Барлық зардап шеккен қызметкер кешенді күтім мен оңалту көмегін алады.  Біздің күш-жігеріміз дәл осыған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған", - делінген көңіл айту хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, салдарынан 21 адам қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042943-arselormittal-temirtau-kompaniyasy-apattan-qaza-tapqan-kensilerdin-otbasyna-konil-aitty/

pixel