Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел желі жұмыс істейді": Алматыдағы өрт шыққан хостелден эвакуацияланған азаматтар туралы не белгілі

Опубликовано:

Алматы хостелдегі өрт
Хостелдегі өрт. Фото: KAZ.NUR.KZ / Ардақ Құлтай

Алматыдағы өрт шыққан хостелден эвакуацияланған 49 азаматқа көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның сағат 11:30-да берген мәліметі бойынша Алматы әкімдігі эвакуацияланған 56 тұрғынының 49-ын үш локацияға орналастырды.

"Қалған 7 адам орналастырудан бас тартты. Барлығы тегін тұрады әрі тамақпен қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері жергілікті жерде медицина қызметкерлері жұмыс істеп, психологтар, аудан әкімдігінің өкілдері және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қолдау көрсететіні мәлім етті.

"Хостелдегі өртке байланысты ТЖ департаментінде жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматыдағы хостелде шыққан өрт

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Қайғылы оқиға болған жерге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қалалық ПД Алматыдағы хостелде қаза тапқан барлық азаматтың жеке басы анықталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048398-zedel-zeli-zumys-isteidi-almatydagy-ort-syqqan-xostelden-evakuaciyalangan-azamattar-turaly-ne-belgili/

pixel