Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Бишімбаевқа қатысты асқан қатыгездікпен кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: facebook.com/KuandykBishimbayev

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев бұрынғы экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша пікір білдірді. Ол әйелін өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын еске салды.

"Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ оның туысы қылмысты жасырғаны әрі полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сол күні ол қасында болған, бірақ ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға хабарламаған. Сондай-ақ ол қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс аясында зерттеу жұмыстары жүргізілуде", – деді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, зерттеу қорытындысы бойынша тергеу органдары қосымша ақпарат береді.

Сонымен қатар Жандос Өміралиев Бишімбаевтың ісі бас прокурордың бақылауында екенін атап өтті.

"Әзірге Қылмыстық-процестік кодекс талаптарын ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймын, бірақ бұл іс апта сайын бас прокурордың тікелей бақылауымен талқыланатынын айта аламын", – дейді ол.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс

Еске сала кетсек, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарады. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталған болатын.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.

Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048436-bas-prokuratura-bisimbaevqa-qatysty-asqan-qatygezdikpen-kisi-oltiru-deregi-boiynsa-is-tergelude/

pixel