Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хостелде болған өрт: ТЖД оқиға орнынан видео жариялады (видео)

Опубликовано:

Оқиға орнына келген Сырым Шәріпханов пен полицейлер
Оқиға орнына келген Сырым Шәріпханов пен полицейлер. Фото: t.me/qr_tjm

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 13 адамның өмірін жалмаған өрттен кейінгі хостелдің видеосын жариялады. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған видеодан өрт салдарынан күйе болып қалған қабырғалар мен жанып кеткен сымдарды көруге болады.

Төтенше жағдайлар департаменті басшысы министрге алдын ала болжам бойынша өрт ошағын көрсетті.

Оған қоса Сырым Шәріпханов брифингте хостелдегі өртті сөндіру кезінде қандай қиындық болғанын мәлім етті.

"Бұл ғимараттың жертөлесі мен бірінші қабаты хостелге айналдырылған. Жертөледе бір-бірінің үстіне жиналған көп ортопедиялық матрас тұрған. Өртті сөндіруді сол қиындатты. Расында да жертөледе болғандардың қашып шығуға мүмкіндігі аз болды, біздің өрт сөндірушілерге де сол кедергі келтірді. Матрастар бықсып жанып жатқан. Құтқарушылар келгенге дейін түтін жиналып қалған. Олар қысқа мерзімде өртті оқшаулап, толық сөндірді", – деді ТЖ министрі.

Алматыдағы хостелде болған өрт

Бүгін, 30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазіргі таңда хостел иелері іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, ӨКҚ-да өткен брифингте Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков хостелде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендердің жағдайын айтқаны туралы жазған едік. Төтенше жағдай салдарынан барлығы 5 адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048523-almatydagy-xostelde-bolgan-ort-tzd-oqiga-ornynan-video-zariyalady-video/

pixel