Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Павлодар облысы ПД экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралды. Бірінші сатыдағы соттың оған қатысты үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды сот залынан NUR.KZ тілшісі.

Апелляциялық алқа Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Алайда сот үкімі бойынша кәсіпкер Евгений Евковичке бас бостандығынан айыру мерзімі 7 жыл болса, енді 5 жылға дейін қысқартылды. Келтірілген шығын толық есепке алынды.

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс

Еске сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды.

Сондай-ақ 2023 жылғы 6 қаңтарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын.

Ал биылғы жылдың 10 ақпанында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс қаралғаны туралы жазған едік.

2023 жылдың 10 тамызында іс бойынша үкім шығарылды. Нұрлан Мәсімов 10 жылға, Дамир Сиразидимов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал тергеушілердің пікірінше, пара берген кәсіпкер Евгений Евкович 7 жылға колонияға жіберілді.

Сотталушылар үкімге аппеляциялық шағым түсірді. 23 қарашада Павлодар облыстық сотында өткен сот отырысында Евгений Евковичтің 420 миллион теңге көлеміндегі шығынды толығымен өтегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048714-nurlan-masimovke-qatysty-sot-ukimi-ozgerissiz-qaldy/

pixel