Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі желіде тараған Бишімбаев пен жұбайы жазысқан хаттың рас-өтірігін тексеретінін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Бүгін мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желіде тараған Қуандық Бишімбаев пен марқұм жұбайы Салтанаттың жазысқан хатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін өткен брифингте журналистер әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев пен әйелі Салтанат Нүкенованың жазысқан хатының скриншоттары тарағанын айтты.

Хатта экс-министр Салтанаттан қайтып оралуын өтініп, бәрін түзетуге уәде берген. Бұл ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пікір білдірді

Сәденов бұл скриншоттарды көрмегенін айтты. Кейін журналистер смартфонның тергеушілердің қолында екенін ескере отырып, хат-хабардың әлеуметтік желілерде қалай тарауы мүмкін екенін сұрады. Бұған жауап ретінде Ішкі істер министрі қызметтік тексеріс жүргізуге уәде берді.

"Біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Бұл олардың жазбасы ма, жоқ па, оны дәлелдеу керек", - деді ол.

Сонымен қатар министр Бишімбаевтың туыстары тергеуге қандай да бір жолмен ықпал етуде деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Жоқ, олар менімен байланыспады", - деді ол.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарады. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталған болатын.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.

Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050299-iski-ister-ministri-zelide-taragan-bisimbaev-pen-zubaiy-zazysqan-xattyn-ras-otirigin-tekseretinin-aitty/