Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін тергеу қай сатыда екенін айтты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: facebook.com/KuandykBishimbayev

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бүгін сенат кулуарында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев ісін тергеу қай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер вице-министрден Бишімбаевтың ісі сотқа қашан жіберілетінін сұрады.

"(Тергеу – ред.) жуық арада аяқталуы керек. Сараптама аяқталғаннан кейін ол сотқа жіберіледі. Мен бәрі дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, алдымен материалдармен танысу мақсатында оны екі тарапқа ұсыну керек. Бұл да уақытты талап етеді", – деді ол.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарады. Сондай-ақ экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласы экс-әкімінің жиені екені расталған болатын.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.

Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051910-bari-daiyn-dep-aita-almaimyn-iski-ister-ministrligi-bisimbaevtyn-isin-tergeu-turaly-aitty/

pixel