Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны ақтамаймын": Бишімбаевтың әкесі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

Бұрынғы мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев келіні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді. Марқұмды өлтірді деп экс-депутаттың ұлы – Қуандық Бишімбаев күдікке ілінген еді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Істеген ісі үшін ұлым лайықты жазасын алуы керек. Әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Ешқандай лауазымды тұлғалардың кабинетіне бармадым, бармаймын да. Ұлым онымен отбасы болғысы келді, бірге өмір сүреміз деп шешті. Олар Салтанаттың гардеробын үлкейтеміз деп үйге жөндеу жұмыстарын бастаған еді. Екеуі де толыққанды отбасы болуды қалады. Сол бір сұмдық болған 9 қараша күні не болғанын өзіміз де білмейміз", - деді Уәлихан Бишімбаев.

Әділет министрі Азамат Есқараев тергеу соңғы, 12-ші сараптаманының қорытындысын күтіп отырғанын айтты.

"Бұл іс бойынша жақында тағы 12-ші сараптама келіп түсті. Қазір осыған байланысты тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз, біздің сот сараптама орталығы жүргізіп жатыр. Мен бірден айтамын, заңға сай сараптама 30 күнге дейін жүргізілуі мүмкін. Сараптама аяқталғаннан кейін біз белгіленген тәртіппен қорытындысын ІІМ-ге жібереміз", - деді ол.

Дереккөз: КТК

Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

10 қарашада Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Қарашаның 15-інде мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова зорлық-зомбылық туралы заң жобасын шұғыл түрде мәжіліске енгізуді талап етті.

Ал қарашаның 26-сында Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы санкцияланған митинг өтіп, оған қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы да қатысты.

Жақында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің қай сатыда екенін мәлімдеген болатын.

Ал Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша бірден 12 сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052812-ony-aqtamaimyn-bisimbaevtyn-akesi-saltanat-nukenovanyn-olimine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel