Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы мен аймақтардағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Сырым Шәріпхановтың төрағалығыРеспубликалық жедел штабтың кезектен тыс отырыс
Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырыс. Фото: ТЖМ

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс барысында ТЖ министрі "Қазселденқорғау" ММ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, жолдар мен көпірлер қызметі ("Қазавтожол"), химиялық қызмет, медициналық қызмет, көлік қызметі, байланыс қызметінің баяндамаларын тыңдаған.

"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

ТЖМ ақпараты бойынша жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түсті.

"Қазселденқорғау" ММ ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекет бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды. Бекеттердің жалпы саны - 76.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түскен жоқ. Тексерулер жалғасуда", - делінген хабараламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу пункттерінде.

Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет еткен.

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылған.

Отырыс соңында ТЖ министрі тиісті азаматтық қорғау қызметтеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері

Еске салайық, бүгін түнде Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,7. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Желіде тұрғындар жер сілкінісінен соң жаппай көшеге шығып жатқаны көрсетілген видеолар тарады.

Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар, сондай-ақ ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түспегенін хабарлады. Сондай-ақ ол азаматтардан қауіпсіз жерге шығуды сұрады.

Сонымен бірге Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның сөзінше, зілзала магнитудасы 2-3 болған.

Бұдан бөлек, Атығаев желіде тарап жатқан таңғы сағат бесте жер сілкінісі қайталанатыны туралы хабарды жоққа шығарды.

Ал Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, кептеліс болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қолмен реттеуге көшті.

Одан бөлек, Алматы әкімдігі қалада жер сілкінісі салдарынан қирау фактілері болды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қалада жақын уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін хабарлады. Оның айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары сезінген жер сілкіністері афтершок болып табылады. Мұны Орталық Азияның барлық дерлік елі сезінген.

Қалалық ТЖД жер сілкінісіне байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 телефон нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Мегаполис басшысы Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізгені, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатқаны хабарланды.

Қалалық білім басқармасы қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты 23 қаңтарда бірінші ауысымдағы сабақтар болмайтынын хабарлады.

Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізді. Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейтіні айтылды.

Сондай-ақ қаңтардың 23-і таңертең Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында болғаны сезілді.

Айта кетсек, бастапқыда Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бүгін түнде болған жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ екенін, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Кейін жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін бұл цифр 44-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056955-tzm-almaty-qalasy-men-aimaqtardagy-zer-silkinisinen-keiingi-zagdai-turaly-malimdeme-zasady/