Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабарлама ТЖМ-нен емес, Google-дан келді" : депутат Алматыдағы хабарландыру жүйесін сынға алды

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет. Фото: Camilo Freedman/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Бүгінгі откен мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS хабарлама жіберілмегенін сынға алды. Ол заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселені Байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Сергей Пономарев те көтерді.

"Кеше Алматыда болған жер сілкінісі азаматтарға хабарландыру жүйесіндегі айқын кемшіліктерді көрсетті. Google бұл туралы алматылықтарға Android арқылы хабарлады. Біз бұл туралы ақпарат біздің Төтенше жағдайлар министрлігінен, ұлттық оператордан емес, әлемдік қызметтерден келді.

Осындай қиын жағдайда бізге кім көмектеседі деген сұрақ туындайды. Билл Гейтс, мүмкін Илон Маск? Біздегі дабыл жүйесіне не болды? Неліктен байланыс арналары жұмыс істемейді?, - деп сұрады ол.

Өз кезегінде депутат Екатерина Смышляева заңды жетілдіру қажеттігін айтты.

"Қазір бұл мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр. Сондықтан, бұл жерде біз лезде хабарлама жіберу туралы түсінікті қайта қарастыру және енгізу қажеттігін көріп отырмыз. Төтенше жағдай болған жағдайда қысқа және жылдам хабарлама пайдаланушыларға бір уақытта жіберілуі керек", - деді ол.

Депутат операторлар міндеттемелеріне сәйкес заң жобасы аясында жұмыс істей алатынын атап өтті.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Сондай-ақ Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болған еді. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

23 қаңтар сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Алматы ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала.

Бұдан бөлек желіде Алматыда жер сілкінісі кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы, сонымен қатар Алматыдағы супермаркетте түсірілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057261-xabarlama-tzm-nen-emes-google-dan-keldi-deputat-almatydagy-xabarlandyru-zuiesin-synga-aldy/

pixel