Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Опырылу қаупі өте жоғары": ТЖД құлаған автобусты іздеуді уақытша тоқтатуы мүмкін

Опубликовано:

Автобус құлаған карьер
Автобус құлаған карьердегі құтқарушылардың жұмысы: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті карьерге құлаған автобусты іздеуді тоқтату немесе жалғастыру туралы шешім комиссияның қорытындысынан кейін қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, шұңқыр түбіндегі георадар профильдерін сканерлеу топырақ құрылымының өзгергенін анықтады. Нысан жанынан да, астынан да қуыстар анықталған.

"Опырылу мен құлау қаупі өте жоғары. Қазіргі уақытта опырылған жердің барлық периметрін зерттейтін комиссия құрылуда, комиссия тау-кен массасында жұмыс істеуге болатынын-болмайтынын зерттейді", - делінген ведомство хабарламасында.

Кеше экскаватор мен мамандар қалыпта режимде жұмыс істеген.

Еске салсақ, бұған дейін автобусты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды, себебі пайда болған саңылау құтқарушылардың өміріне қауіп төндірді. Саңылау зерттелген соң іздеу жұмысы қайта жанданды.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

"Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды.

2 ақпан күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059072-opyrylu-qaupi-ote-zogary-tzd-qulagan-avtobusty-izdeudi-uaqytsa-toqtatuy-mumkin/

pixel