Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев желіде Катарға алғашқы мемлекеттік сапары жайлы жазба жариялады (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапарының видеосын жариялады. Ол Катар бұл сапарын жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Катарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын.

Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Катар мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз", – деп жазды президент Instagram желісінде жариялаған жазбасында.

Тоқаевтың Катарға ресми сапары

13 ақпанда мемлекет басшысы Катарға мемлекеттік сапармен келді.

14 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірінің Diwan Amiri сарайына келді. Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

Кейін Тоқаевқа Катар мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды.

Сондай-ақ президент Катар мемлекетінің премьер-министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Одан бөлек, Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, Катардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Сонымен бірге Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни Х желісіндегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады. Катар басшысы президенттің ресми сапары туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061141-toqaev-qatarga-algasqy-memlekettik-sapary-zaily-zazba-zariyalady-video/

pixel