Air Astana өкілдері Алматыда неге рейстер кешігіп жатқанын түсіндірді
Жарияланған күні:
Алматы әуежайы мен Air Astana оңтүстік астанада неге рейстер кешігіп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana компаниялар тобы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын хабарлады.
"16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар рейстер кешікті. Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды.
Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды, өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды", - делінген хабарламада.
Бұл жағдай бүгінге дейін рейстердің тізбекті кешугуін туғызған.
17 ақпанда Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстердің кешігуі жалғасқан. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты техникаға, баспалдақтарға, автобустарға, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме пайда болды, бұл өз кезегінде жолжүкті түсіруді кідірткен.
"Қазіргі уақытта Air Astana, FlyArystan авиакомпанияларының және әуежай қызметтері жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусындар берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды.
Call-орталыққа қоңырау шалу үшін қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздықтар әкелетінін түсінеміз, бірақ ауа - райы жағдайлары әуекомпаниялардың кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, өйткені біздің басымдылығымыз қауіпсіздік", - деді Air Astana әуекомпаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
Айта кетейік, 16 ақпанда таңертең Алматыда қалың қар жауа бастады. Синоптиктер жауын-шашын 17 ақпанға дейін болатынын ескертті. Қалада кей жерлерде кептеліс пайда болды, ұсақ жол-көліктері тіркелген.
Оңтүстік астанадағы ауа райының қолайсыздығы кептеліске себеп болды. Кептеліс деңгейі күндіз 10 баллға жетті. "Бішкек – Алматы" халықаралық трассасы бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сондай-ақ кеше, 16 ақпанда Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына полиция мен ТЖД өкілдері ескерту жасаған. Кейін әуе рейстері де кешіге бастағаны хабарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061513-air-astana-okilderi-almatyda-nege-reister-kesigip-zatqanyn-tusindirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.