Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ қаладағы қазіргі жағдайды баяндады

Опубликовано:

Жер сілкінісінен кейін алматылықтар далаға шықты
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін көшеге шыққан адамдар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы жерасты дүмпуінен кейін "жедел желі" телефон желісіне ақпараттық сипаттағы 128 қоңырау түскен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұдан бөлек ведомство өкілдері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес күштер мен құралдар әзірлікке келтірілгенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта ғимараттар мен құрылыстардың, жол инфрақұрылымының, гидротехникалық құрылыстардыңбұзылған-бұзылмағанын тексеру жұмыстары жалғасуда.

Халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді.

Алматының аудан әкімдіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті құрылды: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында", - делінген ведомсвтоның Telegram арнасындағы хабарламада.

Сондай-ақ мәлімет бойынша, полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Халықты қабылдау пункттерінде 371 адам, оның ішінде 39 бала бар.

"Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылды.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064384-almatydagy-zer-silkinisi-tzm-qaladagy-qazirgi-zagdaidy-bayandady/

pixel