Алматылықтарға үйіне оралуға рұқсат берілді
Жарияланған күні:
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйге қайтуға болатынын айтты – қалада жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы болжамды полигоны аумағында 70 пайыз ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін, алайда елеулі қауіп төндірмейтін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екені айтты", - делінген хабарламада.
Комиссияның шешімі негізінде Төтенше жағдайлар департаменті тұрғында тұрғылықты жеріне оралуына болады деген шешімге келген.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.
Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.
Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064400-almatylyqtarga-uiine-oraluga-ruqsat-berildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.