Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев ісі: сот өкілдері алқабиге кандидаттарды іріктеу қалай өтетінін айтты

Опубликовано:

Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы
Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін сот отырысы 27 наурызда жабық режимде өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді", - делінген Жоғарғы сот таратқан хабарламда.

Естеріңізге сала кетсек, 11-12 наурызда Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сот залына журналистерді кіргізбеді, баспасөз өкілдері сот отырысын көрші бөлмеден теледидар арқылы бақылап отырды.

Алдын ала тыңдаудың бірінші күні прокурор Салтанат Нүкенова қаза болған күні не жағдай болғанын айтты. Бишімбаев тағылған айып түсінікті екенін, бірақ кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол істің алқабилердің қатысуымен қаралғанын қалайтынын жеткізді.

Ал оның адвокаты заң бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтаруды сұрады. Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады.

Дегенмен судья Бишімбаевтың сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073411-quandyq-bisimbaev-isi-sot-okilderi-alqabige-kandidattardy-irikteu-qalai-otetinin-aitty/

pixel