Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасын баяндады

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бүгін 27 наурызда Астанада бұрынғы ұлттық экономиканың министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер қатысуымен басты сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Прокурордың айтуынша, Қуандық Бишімбаев Астанада жүрген кезде Салтанат Нүкеновамен танысып, оған сезімі бар екенін білдіріп, артынан қалмай кездесуге шақырған.

"Нүкенованың бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, Бишімбаев мәжбүрлі түрде қамқорлық танытып, аз уақыт бойы өзін тек жақсы жағынан көрсеткен. 2022 жылғы 16 желтоқсанда Бишімбаев пен Нүкенованың тойы өткен, бірақ неке ресми түрде тіркелмеген", - деді ол.

Алайда мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Бишімбаев Нүкеновамен бірге тұрған сәттен-ақ қарым-қатынаста оның көзқарасын мойындамай, ашушаңдық, агрессивті мінез-құлық, менмендік таныта бастаған.

"Бишімбаев Нүкеноваға туыстарымен және достарымен сөйлесуге және кездесуге тыйым салған; телефон қоңыраулар, SMS хаттар, сондай-ақ оның қайда барғаны да бақыланған. Сондай-ақ ол Нүкеноваға табыс әкелген астрологиямен айналысуға тыйым салған.

Бұл тыйым салулар негізсіз, ойдан шығарылған қызғаныш сезімінен туындаған", - деді прокурор.

Сонымен қатар айыптаушы тараптың мәліметінше, Бишімбаев Нүкенованың бұрынғы қарым-қатынасына қатысты да наразылығын білдірген

"Ол физикалық артықшылығын пайдалана отырып, жүйелі түрде қатыгездікпен ар-намысына тиісіп физикалық зорлық-зомбылықты қолдана бастаған. Атап айтқанда оның денесіне жұдырықпен және аяқпен дене жарақатын салған. Осылайша жүйелі түрде оған физикалық зорлық көрсеткен", - деп жалғастырды сөзін мемлекеттік айыптаушы.

Оның айтуынша, Нүкенова некені сақтап қаламыз деген оймен құқық қорғау органдарына хабарласпаған.

"Ойдан шығарылған қызғаныш негізінде Бишімбаев үнемі жанжал шығарған. Тіпті түнде оны оятып, ғаламтордағы порнографиялық материалдарды көрсетіп, бұған сен түспедің бе деп сұраған", - деді прокурор.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенова өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074284-prokuror-bisimbaev-pen-nukenovanyn-qarym-qatynasynyn-egzei-tegzeiin-aitty/

pixel