Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартасқа қашап жазу жазғаннан кейін көптің сынына қалған ақтөбелік шенеунік жаңа қызметінен босатылды

Опубликовано:

Манас Көшербаев
Манас Көшербаев. Фото: facebook.com/МанасКошербаев

Маңғыстаудағы Ыбықты-сай жартасына ойып жазу қалдырғаннан кейін Ақтөбе қаласындағы мәдениет үйінің директоры қызметінен кеткен Манас Көшербаев тағы да ел назарында. Бұл жолы шенді аудандағы мәдениет үйінің директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыған дейін Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов Манас Көшербаев аудандық мәдениет үйіне директор болғанын растаған еді.

Көп ұзамай қызметкердің лауазымынан босатылғаны белгілі болды.

"27 наурыз күні өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды",- деді Байғанин аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Роза Айтжанова.

Еске сала кетейік, Манас Көшербаев Байғанин ауданындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне 6 наурызда тағайындалған еді.

Оған вандализм бойынша айып тағылғанға дейін Ақтөбедегі Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды.

Өткен жылы оның Ыбықты-сай шатқалын қашап жазу қалдырған сәтінен видеосы әлеуметтік желіде тарап, желі қолданушыларының сынына қалды. Мәдениет үйінің директоры кейін кешірім сұрап, видео-үндеу таратты. Кейін қызметінен өз еркімен кеткені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074644-aqtobede-vandalizmmen-aty-syqqan-madeniet-uiinin-direktory-zana-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel