jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Тағы нөсер жаңбыр жаууы ықтимал": ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда 29-30 наурыз аралығында қатты жел және жаңбыр күтіледі. Осыған орай, қалалық ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда және таулы аймақтарда 29-30 наурыз аралығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Сондықтан қалалық ТЖД өкілдері азаматтардан көліктерін ағаштардың қасына қоймауды және тауға шықпауды сұрайды. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 телефонына хабарласу керек: ТЖД операторлар санын көбейткен.

Сонымен қатар мамандар 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда кешкі уақытта Алматыда ауа райы күрт бұзылды. Аспанды бұлт торлап, жел күшейіп, қаланы шаңды дауыл басты.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты кешкі уақытта қалада 10 балдық көлік кептелісі тіркелді.

Кейінірек Алматы әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуін ескертіп, жолаушыларға хабарлама жасады.

"Тағы нөсер жаңбыр жаууы ықтимал": ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.