"Жымиғаннан бөлек, күліп тұрсыз": прокурор сотта Бишімбаевқа ескерту жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновамен таныстығы мен қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтты. Бұл ретте прокурор оның күліп жібергенін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Сіз жай ғана жымиып тұрған жоқсыз, күліп тұрсыз", - деді прокурор.
Бұдан кейін судья айыпталушыдан әңгімені күлкісіз жалғастыруды сұрады.
"Айыпталушы Бишімбаев мысқылсыз, күлкісіз істің мән-жайын айтыңыз, марқұмның туыстарына құрмет көрсетіңіз", - деді судья.
"Егер біреуді ренжіткен болсам, барлығынан кешірім сұраймын. Мысқылдап тұрған жоқпын. Бұл естеліктер мен үшін әсерлі көңіл күй қалдырған еді. Мүмкін бейсаналы түрде шығып жатқан болар. Мен мұны ескеремін", - деп жауап берді Бишімбаев.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076720-zymigannan-bolek-kulip-tursyz-prokuror-sotta-bisimbaevqa-eskertu-zasady/